Украина өздерін жеделдетілген тәртіппен НАТО-ға енгізуді сұрап, өтініш берді

1 Қазан 2022, 05:23
2578
Бөлісу:
Украина өздерін жеделдетілген тәртіппен НАТО-ға енгізуді сұрап, өтініш берді

Владимир Зеленский Украинаны НАТО-ға жеделдетілген тәртіппен енгізуді сұраған өтінішке қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында жазды.

Біз (Украина мен НАТО) бір-бірімізге арқа сүйейміз, бір-бірімізге көмектесеміз және бір-бірімізді қорғаймыз. Альянс дегеніміз осы. Де-факто. Бүгін Украина мұны де-юреге айналдыру үшін өтініш берді. Біздің бүкіл қауымдастықты қорғау үшін біздің жағдайымызға сай келетін процедура бойынша, яғни жеделдетілген тәртіппен, – деді Украина Президенті Владимир Зеленский

Зеленскийдің бұл мәлімдемесі Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырысынан кейін жария болды.

Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг 30 қыркүйекте жоспарланбаған баспасөз мәслихатын өткізетінін айтқан болатын.

НАТО-ға кіру үшін альянсқа мүше барлық 30 елдің қолдауына ие болу қажет. Бұған дейін Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге өтініш білдіргенде тек Түркия өз келісімін бермеген. Анкара бірқатар шарттар қойып, содан кейін сөзге келді.

Өзгелердің жаңалығы