Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина Мемлекеттік авиақызметінің комиссиясы SkyUp әуекомпаниясының өтінішін мақұлдап, Львов, Запорожье және Харьков қалаларынан Стамбулға тұрақты рейстер жасауға рұқсат етті.
Бұл туралы avianews.com хабарлады.
SkyUp бұл бағыт бойынша 2020 жылдың 1 наурызынан бастап (аптасына төрт рет жиілікпен) ұша бастайды.
Сонымен қатар, лоукостерге Киевтен Қазақстанның ірі қаласына аптасына үш рет жиілікпен ұшуға рұқсат етілді. 27 қазанға дейін бұл маршрут бойынша МАУ жұмыс істеп келді. Алайда, компания Ресей аумағын айналып ұшуына байланысты шығынға ұшырап, бұл бағытты жапқан еді, - делінген хабарламада.
Қазір Украина мен Қазақстан арасындағы рейстерді тек Air Astana әуекомпаниясы істейді. Қазақстандық компания Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Киевке Ресей аумағы арқылы қысқа жолмен ұшып жүр.