ҰКҚ-нің тергеу изоляторына ауыстырылды. «Дикий Арманның» қайда екені белгілі болды

7 Ақпан 2022, 18:50
1400
Бөлісу:
ҰКҚ-нің тергеу изоляторына ауыстырылды. «Дикий Арманның» қайда екені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазір «Тәртіпсіздіктердің артында кім тұр?», «Ұйымдастырушылар кім?» деген сұрақтар бар. Тергеу бұл сұрақтарға міндетті түрде жауап береді. Қазір біз бейбіт митингілерді әртүрлі күштер пайдаланылғанын білеміз. Біздің мемлекет гибридтік күштерге де тап болды. Ұйымдастырушылар өздерінің жоспарларына диструктивті және қылмыстық топтарды тартып, оларға қару беріп, іс-әрекеттерін жүзеге асырған, - деді ол. 

Ожаров атап өткендей, қазіргі таңда 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі «адам өлтіру», «ұрлық жасау», «қарақашылық» жасағын үшін бұрын сотты болған 21 тұлға ұсталды. 

Оның ішінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев пен оның топ мүшелері бар. Оның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп, ұрып-соққан. Оның нәтижесінде 1 адам қаза тапты. Бұдан басқа, қарақшылар 12 қалалық ауруханада қарақшылар полицияны қатты соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Әлеуметтік желіде Жұмагелдиев босатылған немесе жоғалып кеткен деген жалған ақпарат таратылып жатыр. Осыған дейін ол қару сақтағаны үшін ұсталғаны болса, қазір ол жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатыр, - деді Ожаров. 

Ол атағандай, қазір Жұмағалиев ҰКҚ-нің тергеу изоляторына ауыстырылды.

Өзгелердің жаңалығы