ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

29 Маусым 2021, 19:58
1803
Бөлісу:
ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері халықаралық есірткі арнасын жойды.

ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратынша, есірткі Қазақстанға Ауғанстаннан жеткізіліп отырған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының келісімі аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, Ауғанстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жолмен тұрақты жеткізіп тұрған трансұлттық есірткі құрылымын анықтап, жолын кесті, - делінген хабарламада.

Алматыда 15 маусымда жүргізілген халықаралық арнайы операция кезінде  есірткі трафигін ұйымдастырған азамат 25 келі есірткі тасымалдаған жерінен ұсталды. Анықталғандай, күдікті Ресейде осыған ұқсас қылмысы үшін іздеуде болған.

Бұл адам қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Тәжікстан Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланған. Сонымен қатар оның сыбайласы – Қазақстан азаматы ұсталды, - деді ведомстводағылар.

Тергеу материалдары Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-тармағы және 297-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Есірткі акциясына қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жалғасуда.


Өзгелердің жаңалығы