Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жылыту маусымына дайындығын сұрап, сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі жағдайда биылғы маусымдағы оқиғалардың қалай өрбитінін болжау қиын екенін түсінеміз. Сондықтан Үкіметте жылу-энергетика саласындағы қордаланып қалған мәселелерді кешенді түрде шешудің ұзақ мерзімді жоспарлары бар ма? Бар болса бұл жоспарлардың қандай екенін хабарлауды сұраймыз. «Ақ жол» фракциясының бұған дейінгі сауалдарында да бұл сұрақ дәл осылай қойылған болатын, енді белгілі болғандай, сол сауалдарымызға сенімсіз жауаптар алып келіппіз, - дейді депутат.