Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті - депутат

3 Қаңтар 2024, 19:00
566
Бөлісу:
Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті - депутат
Фото: BAQ.KZ - архив

Депутат Амангелді Ғабдылкәрімұлы Президенттің “Егемен Қазақстанға” берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне сұхбат берді. Сұхбат барысында Үкімет қызметінің тиімділігі туралы ойлар да ортаға салынды.

"Күшті Президент- ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына сәйкес Үкімет есеп беретін болғандықтан атқаратын жұмыстарында шешімді өздері қабылдап, толығымен жауапкершілік жүктелуі тиіс. Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауында реформалардың іске асырылуына негізінен атқарушы билік жауап береді деп атап өткен болатын. Және де оның негізгі бағыттарын айқындап берді. Ол, біріншіден министрлер мен әкімдердің нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті, сондай-ақ түпкі нәтиже үшін жауапкершіліктің толығымен жүктелуі. Екіншіден, экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкіметтің толық жауап беруі, бюрократия мен сөзбұйдаға салынбай, Президент әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс, - деді ол.

Мемлекет басшысы бүгінгі сұхбатында "Президент Әкімшілігі атқарушы биліктің қызметіне араласпай, бас­ты саяси штаб ретінде ғана жұмыс істейтінін айтты. 

Осыған дейін екі органның да құзырында болған бірқатар өкілеттік Үкіметке берілді. Түрлі салаға қатысты шешім қабылдау құқығы Үкіметке және басқа да жауапты органдарға өтті. Аймақтардың бюджетке қатысты дербестігі арта түсті,"- деп атап өткендігі Жолдауда көтерілген мәселенің бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді, - деді депутат.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар негізінде Үкімет қызметінің тиімді ұйымдастырылуы нәтижесінде осы жылдың өзінде Қазақстан экономикасы жаңа сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсу траекториясына шықты, және ол 4,9%-ды құрады. Ал, инфляция жылдық мәнде 2022 жылғы желтоқсандағы 20,3%-дан қарашада 10,3%-ға төмендеді. Бұған 90 жедел және орта мерзімді қадамдарды қамтитын тиісті шаралар кешенін жүзеге асырудың арқасында қол жеткізілді.

2023 жылы Қазақстан 65 миллиард доллардың өнімін экспортталуы, оның ішінде өңделген өнім экспортының 21 миллиард долларға жетуі, IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде біздің еліміз өткен жылмен салыстырғанда алты сатыға көтеріліп, 64 елдің ішінде 37-орынға шығуы, жылдық жоспардағы тікелей инвестициялар көлемінің 27 млрд доллар және 1,6 трлн теңге құрайтын 291 инвестициялық жобалардың құрауы, 10 мыңнан артық бизнес талаптарының алынып тасталуы, елдің ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің 36,4%-ға жетуі, экономиканы демонополизациялау нәтижесінде 200-ге жуық нысандардың республика меншігіне, шамамен 1 трлн теңге көлеміндегі заңсыз иемделінген активтердің, 10 млн га пайдаланылмай жатқан жерлердің мемлекетке қайтарылуы және тағы басқа 2023 жылғы жетістіктер Үкімет қызметінің нәтижелерін көрсетеді, - деді Амангелді Толамисов.

Сонымен қатар, Президенттің Жарлығымен жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Көлік министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Туризм және спорт министрлігі сияқты жаңа ведомстволар құрылғаны мәлім. Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жолындағы бұл шешімдер нақты қажеттіліктен туындағаны сөзсіз. Аталған өзгерістер Үкімет қызметінің тиімділігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

Бір сөзбен айтсақ, қазір Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті. Атқарушы билікке жан-жақты ойластырылған іс-қимыл стратегиясы және өз міндетін тиімді жүзеге асыруға деген ынта-жігер ғана қажет. Дербестікке және қосымша өкілеттікке ие болуға ұмтылған Үкімет қалағанын алды. Бірақ "алмақтың да салмағы бар", оларға қойылатын талап та күшейді. Үкімет мұны түсінуге тиіс" деп Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына қойылатын талаптың күшейетіндігін де атап көрсетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы