Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12 Желтоқсан 2022, 10:45
17701
Бөлісу:
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшілері – Гүлжан Раманқұлова, Жансая Қамбар, Назым Бөлесова. 

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.

10:45 - Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері отырыс жайында ақпарат тарату үшін Үкімет үйінің баспасөз орталығына жиналып жатыр.

Жиын барысында Премьер-министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдері есеп береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

10:47  Тоқаев: 

 Азаматтарымыз оң өзгеріс болады деп үміттеніп отыр 

10:49 – Тоқаев азаматтар оң өзгерістерге дайын екенін және сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін нақты жоспарлар жасалғанын айтты.

10:50 – Президент сөзді Әлихан Смайыловқа берді

10:52 - Смайылов: 

563 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

10:52 – Премьер-министр Үкімет инфляцияны төмендетіп, азық-түлік тауарларын арзандату үшін барлық қадамды жасап жатқанын айтты. Биылғы жалақыны көтеру және жұмыспен қамту туралы есеп берді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

10.54 - Премьер-министр:

Жаңа Бюджет кодексі бойынша жұмыс басталды

10:57 – Смайылов ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен несие беру көлемі 145 миллард теңгеге дейін ұлғайтылғанын, ауыл халқының табысын арттыру туралы жоба дайындалғанын айтып жатыр. 350 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып жатыр.

10:58 - Смайылов: 

Қазақстан теміржолын транслогиятикалық тарапқа айналдыру жұмысы басталды.

10:59 - Үкімет басшысы:

Мұнай-газ саласында жоба аяқталады. Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Шетелдік инвесторлармен бірлесіп, кешенді жоспарлар жұмысы пысықталады 

11:00 – Премьер-министр газ өңдеу бойынша жобалар дайындалғанын айтты.

11:02 - Әлихан Смайылов: 

Қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7 пайыз.  Қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда айналымы 34 пайызға өсіп, 111 миллиард долларға жетті. Экспорт 45 пайызға, оның ішінде өңделген тауарлар 35 пайызға өсті. Инфляция шамамен 20%-ды құрады, бірақ оған геосаяси шиеленіс, әлемдегі рекордтық бағаның өсуі, логистикалық байланыстардың үзілуі әсер етті

11:02 - Үкімет басшысы:

Апатты үйлерді қайта жаңғыртылады. 2025 жылға дейін үй беріледі 

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:03 - Ауыл-аймақтарды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді

11:04 – Әлихан Смайылов: 

Жылу энергетикасы туралы заңның жобасы әзірленіп жатыр. Ұлттық электр желісін жаңғырту және оны бірыңғай ету қолға алынады. Құбыр желілерін жөндеуге 3,8 триллион теңге бөлінбек. 134 км-ден астам желілерге жөндеу жүргізілуі керек.

11:04 - 1 қаңтардан бастап Отбасының цифрлық картасы іске қосылады.

11:05 - Биыл ғалымдардың жалақысы көтерілді. Жас ғалымдарға гранттар бөлінді.

11:05 – Биыл ғалымдардың жалақысы 2 есе артқанын, олардың бірқатары шетелге тәжірибе алуға жіберілгенін айтты Премьер-министр.

11:06 - Апатты мектептер мен оқушы орны тапшылығы бар мектептер проблемасын шешу үшін  "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске қосылды

11:06 – Смайылов:

Халықтың өлім-жігіті 28 процентке төмендесе, ана мен бала өлімі 3,5 есе төмендеді 

11:06 - Смайылов: 

Келесі жылы 1 млн-ға жуық адам жұмысқа орналасуы керек.

11:07 - Смайылов:

2022 жылдың басынан бері мемлекеттік бюджетке қосымша 908 млрд теңге түсті.

11:07 – Смайылов сөзін Үкімет Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға дайын екенін айтып, сөзін аяқтады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:08 - Президент: 

Биыл Ұлттық банк базалық ставканы бірнеше рет көтерді. Ол бойынша Ұлттық банк төрағасына сөз беремін.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:14 – Пірматов АҚШ долларының индексінің көтерілуіне қарамастан Ұлттық банк кірісі биыл 3,8 процентке артқанын айтты.

11:15 - Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов биылғы қарашада жылдық инфляция 19,6 пайызға жеткенін айтты. Ең үлкен үлес бұрынғысынша азық-түлік бағасының өсуі, ол 24,1%-ға дейін өсті. Азық-түлік инфляциясы 18,6%-ға жетті. Ақылы қызметтер бағасының өсуі – 14,1%.

11:16 - Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов:

 Инфляция 11-14%-ке дейін тұрақталады 

11:17 – Ұлттық банктің төрағасы: 

Бағалы қағаздар нарығы дамиды. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:18 – Ұлттық банк төрағасы төлем жүйесінің дамып жатқанын айтып жатыр. 2022 жылы онлайн төлем жүйесін пайдаланатын кәсіпкерлер саны да айтарлықтай артқан.

11:19 - Алматы қаласы әкімі сөз алды

11:20 - Досаев: 

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамыз ету үшін 16 млрд 800 млн теңге бөлінді 

11:21 – Алматы қаласының әкімі Қазақстан телеарнасының ғимараты толық жөнделгенін хабарлады.

11:23 – Досаев:

Туризмді, IT секторды дамытуға ары қарай көңіл бөлінеді. Алматы қаласына 1,5 триллион теңге инвестиция тартылады 

11:24 – Алматы әкімі Президент тапсырмасы бойынша 212 мемлекеттік мектепке кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілетінін хабарлады

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:25 - Досаев: 

Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің биыл қаңтардың басында маған берген басты тапсырмаңызға сәйкес қаңтар кезінде қиратылған ғимараттар толығымен қалпына келтірілді. Қала экономикасы тұрақты өсу траекториясына шықты Қоғамдық қауіпсіздіктің деңгейі біршама артты. Зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 млрд теңге сомасында компесация берілді. Оның 95 пайызы жылдың бірінші жартысынан кейін төлемдерін алды.

11:26 – Досаев Алматыда 2 метро стансасы ашылғанын, қала жолдары жөнделіп, жаңа автобустар берілгені жөнінде есеп беріп жатыр.

11:28 –  Алматы әкімі:

Алматыда 8 саябақ ашылып, жасыл желектерді отырғызу мен күту ережелері қабылданады 

11:30 – Досаев 2023 жылы Алматы қаласындағы инфляция деңгейі 10-12 процент болады деп күтілетінін айтып, сөзін аяқтады.

11:31 - Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Екібазтұздағы жағдай бойынша баяндама жасап жатыр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

11:32 - Роман Скляр: 

Жылумен қамту жүйесіндегі теңгерімсіздікке байланысты тұрғындар, негізінен, жеке сектордан белгілі бір мекен-жайларға жылу және сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шағымдар түсіп жатыр. Жылу желілерінің учаскелерінде жылу желілерінің қызметкерлерімен бірге өнеркәсіптік кәсіпорындардың 200-ден астам жұмысшысы жұмыс істейді. Бүгін таңертең барлық СКҚ суық және ыстық сумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ ең көп зардап шеккен 70 үйдің тұрғындарынан 2 ай бойы жылу ақысы алынбайды. Төтенше жағдай енгізілген 12 күн ішінде қаланың барлық тұтынушысынан электр энергиясы үшін төлем алынбайды

11:37 - Тоқаев: 

Екібастұзда болған оқиға – бұл апат. Осы қала тұрғындарына шыдамдылық танытып, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Волонтерлерге жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің жылу беру маусымына деген жауапсыздығын айқын көрсетті. Бізде қордаланған мәселелерді жасыру тәжірибесі бар. Бұл жою үшін орасан зор ресурстарды қажет ететін ауқымды салдарға әкелді. Менің ойымша, біз бұдан сабақ алып, себебін анықтау үшін тергеу жүргізуіміз керек. Содан кейін тиісті шешім қабылдаймыз.

11:37 – Маңғыстау облысы әкімі: 

Облыс үшін туризм саласы маңызды, биыл жергілікті кәсіпкерлер көмегімен 4 жоба жүзеге асты, келесі жылы 6 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз

11:41 – Облыс әкімі Ақтау қаласындағы инженерлік желілерге жөндеу қажет екенін атап өтті.

11:42 – Нұрлан Ноғаев жұмысқа орналастыру шараларының аясында 1400-ден астам адам жұмысқа орналасқаны туралы есеп берді.

11:45 – Сөз Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына берілді.

11:46 – Берік Әбдіғалиұлы

Ұлытау облысының экономикасының негізін металлургия өнеркәсібі құрайды. Оның үлес салмағы 90 пайыздан асады. Оның ішіндегі негізгі кәсіпорын – «Қазақмыс» корпорациясы. Оның облыс экономикасындағы үлесі – 84 пайыз. Ал салық түсімінің 70 пайыз.  Облыс экономикасын диверсификациялау мақсатында 1 қарашада бекітілген облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына 4 жылға бөлінген инвестицялардың жалпы көлемін құрайтын 1,4 триллион теңге экономиканың 40 пайызға өсуін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

11:48 – Берік Әбдіғалиұлы: 

Облысты индустриалды-инновациялық Мұнай өнімдерінің тапшылығын шешу мақсатында орташа қуатты жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын дайындап, инвестормен келісімге келдік. Ендігі мәселе жобаның құрылысын бастау үшін Энергетика министрлігінің жылына 1 миллион тонна мұнай көлемін алуға рұқсаты керек. Онсыз жоба басталмай тұр. Бұл жоба іске асып жатса, жолдар құрылысы мен жанармай тапшылығын шешер едік.

11:49 – Ұлытау облысының әкімі облыс экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 16 пайызды ғана құрайтынын атады. Сондықтан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде облыс бойынша 4,1 миллиард теңге сомасындағы 274 жоба қолдау тапқанын айтты. Сонымен қатар, Ұлытауда жалпы сомасы 36 миллиард теңгеге жаңа спорт кешені, театр және басқа да әлеуметтік әрі туризмді дамытатын нысандар салынбақ.

11:50 – Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысында Халықаралық техникалық университет ашу бойынша шетелдік университеттермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

11:53 - Тоқаев отырысты қорытындылады

11:57 -   Мемлекет басшысы:

Биыл елімізде аса маңызды өзгерістер болды. Ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылды. Президент сайлауы өтті. Елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бастамаларымызға Қазақстан халқы қолдау білдірді. Енді сайлау қарсаңында жария етілген стратегияны орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – ең басты міндет. Менің сайлау алдындағы бағдарламамда еліміздің жаңа бағдары айқындалды.Біз азаматтардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға баса назар аударатын боламыз. Мақсатымыз – айқын, міндеттер – белгілі. Енді білек сыбана жұмыс істеу керек. Осы орайда, мынадай бағыттарға ерекше мән беру қажет деп санаймын

11:58 - Президент:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет. Негізі, бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті.Петро павлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ. Ал жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар. Павлодар облысының әкімі өз өтінішімен қызметінен босатылды. Ал құзырлы мемлекеттік орган – Энергетика министрлігінің ешқандай әрекетін көрген жоқпыз, бұл мекеме апатқа селқос қарап, бейтараптық танытты. Сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Олар баяу қимылдап, салғырттық танытты

12:00 - Мемлекет басшысы:

ЖЭО және желілер иесінің жауапкершілігіне жеке тоқталғым келеді. Құнсыздануы 90 пайыздан асатын Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсынысты тексеру қажет. Бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн.

12:01 - Президент: 

Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі жанынан құрылған арнайы комиссия кешенді шаралар әзірледі. Соған сәйкес бақылау-қадағалау тетігін күшейтіп, меншік иелерінің жауапкершілігін және жалпы саланың тиімділігін арттыру қажет. Комиссия дұрыс жұмыс істемей тұрған 19 жылу электр орталығын анықтады. Оларды шұғыл жаңғырту қажет. Алдын ала есеп бойынша оған шамамен 90 миллиард теңге керек. Бұл қаражат, әрине, энергетикалық кәсіпорындардың тарифтік сметасында ескерілгені жөн

12:01 - Мемлекет басшысы:

Энергия мен жылу тек проблема емес. 5 жылдан астам уақыттан бері кәріздік тазарту құрылыстарын (ТҚҚ) салу және жаңғырту мәселесі шешімін таппай келеді. Бастапқыда жобаларды МЖӘ тетігі арқылы жүзеге асыру жоспарланған болатын. Алайда 1-2 жылдан кейін Үкімет бұл идеядан бас тартты. Қазір біз бюджеттік қаржыландыру мен несиелерді тарту туралы айтып жатырмыз. Жарияланған жоспарлар ешқашан орындалмады. Енді міне, Үкімет пен әкімдер ілесудің орнына жоспарларды төмен қарай қайта қарап, 2025 жылға дейін небәрі 7 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ал бүкіл ел бойынша бізде 68 проблемалы ҚСҚ бар.

12:02 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Әрине, тариф саясатының дұрыс жүргізілмеуі – соның басты себебінің бірі. Осы саясат табиғи монополия қызметтерінің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл қызметтің тегін болмайтыны түсінікті. Нысандарды күтіп ұстауға және жаңғыртуға қажетті қаражат тариф есебінен бөлінуі керек. Бизнестен шығынға батып жұмыс істе деп талап ету орынсыз. Әр нәрсе жөнімен жасалуға тиіс. Мен бұл туралы Жолдауда айттым. Бірақ нақты әрі нәтижелі жұмыс әлі атқарылмай отыр. Жаңа тариф саясатының ережелері бекітілген жоқ. Тарифтерді қарастыру және келісу үдерісі жабық есік жағдайында өтеді. Табиғи монополия субъектілерінің міндеттемелерді орындау тәртібін тиісті деңгейде қадағалау керек

12:03 - Мемлекет басшысы:

Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек. Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр. Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек

12:04 - Президент: 

Тағы бір мәселе. Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз. Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек

12:04 - Қасым-Жомарт Тоқаев:

Өндірістік жарақаттар проблемаға айналды. Биылдың 11 айында өндіріс орнында 1 124 жұмысшы жарақат алып, оның 157-сі қаза болды. Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынымен болатын жазатайым оқиғалар жүйелі сипат алды. Біз басқа нәрселермен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» туралы айтып отырмыз. 2006 жылдан бері кәсіпорында 20-дан астам жазатайым оқиға болып, 100-ден астам азаматымыз қаза тапты. Биылдың өзінде 14 адам көз жұмды, оның ішінде 1 жұмысшы өткен аптада. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың хабарламаларына сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңдарын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Қоғам әділ әрі шұғыл шаралар күтіп отыр. Бұл Премьер-министрдің тікелей бақылауында.

12:05 - Тоқаев:

Электр стансаларында ағымдағы жөндеу жұмыстарының жоспары небәрі 76%-ға, ал жаңа қуаттарды іске қосу жоспары 46%-ға (956 МВт-тың 442,4 МВт) орындалды. Сол Екібастұздағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты «Самұрық-Қазына» қорының маңызды жобаларын жүзеге асыруда айтарлықтай кешігіп жатыр. Биылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша олар бойынша қаражаттың игерілмеуі тиісінше 40 және 93 пайыз. Алматы қаласының экологиясын жақсарту бойынша жобаларды жүзеге асыру кешеуілдеп жатыр. Алматыдағы 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-ны жаңғырту мерзімі әлдеқашан бір жылға кейінге шегерілді.

12:06 - Мемлекет басшысы: 

Енді инвестиция саясатына келейік. Менің тапсырмаммен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленді. Алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылған. Яғни, небәрі 15 пайызы іске қосылған. Мұның бәріне құр цифр ретінде қарауға болмайды. Өйткені соның кесірінен көптеген жұмыс орны ашылмай қалды. Ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылды. Сыртқы істер министрлігі шетелден инвестор тарту үшін тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өткен жөн. Елшілер шетелдерде түрлі кездесу өткізіп, елімізге инвесторларды жетелеп әкеледі деуге болады. Бірақ жобаны жүзеге асыратын кезде жергілікті жерде түрлі мәселе туындайды. Бір сөзбен айтсақ, біз дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз. Тағы да қайталап айтамын, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау яғни, жер бөлу, рұқсатнама беру, инфрақұрылыммен қамту – әкімдердің міндеті. Әрине, орталыққа да өзгеріс жасау керек. Осыған қатысты бірқатар ұсыныс бар екенін білемін. Премьер-Министр Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бәрін қайтадан талқылап, өзара келісілген шешімді маған енгізуі қажет

12:07 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Келесі – баға белгілеу мәселесі. Бұл мәселе бойынша бірнеше талқылау болды. Азық-түлік бағасын өсірмеу үшін негізгі бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу керек. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, қажетсіз делдалдан арылу туралы біз бірнеше рет айттық. Сауда желілерін қолжетімді етіп, айналымға қаржы салу үшін арзан несие беру тәсілін де қолдануға болады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Тауар өндірушіден алдын-ала тікелей сатып алу ережесі қабылданды. Бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ. Сол себепті, олар өнімдерін егіс басынан тікелей сатуға мәжбүр болады. Оның салдары бәрімізге белгілі. Ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде су тегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді. Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр

12:08 - Президент: 

Былтыр 83 мың тонна немесе 77 пайыз өнім сақтайтын қойма салу көзделген еді. Алайда жоспар 64 мың тоннаға ғана орындалды. Биыл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек. Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс

12:10 - Президент электр энергиясын өндіру және жеткізу туралы:

Нарықтардың монополиялануының айқын мысалы - электр энергиясын өндіру және жеткізу, мұнда тік монополиялық топтар нарыққа тәуелсіз жеткізушілерге қол жеткізуді шектейді. Біз Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы институтын енгізуді бастадық. Осылайша, біз өнімсіз делдалдықты және өндірушілердің өздерінен қаражатты бұрмалауды болдырмаймыз. Нәтижесінде ел барлық аймақ пен ұйым үшін теңгерімді баға алуы керек. Оның үстіне, энергия өндіруші компаниялармен байланысы бар компаниялар оны арзандатылған бағамен алып, тұтынушы төлейтін «артық пайданы» өз қалтасына түсірсе, бұрыннан келе жатқан мәселе шешіледі. Бұл бәсекелестік өрісті «теңестіретін», жинақталған бұрмалауларды түзететін қажетті жүйелі шаралардың бір ғана мысалы

12:11 - Мемлекет басшысы: 

Әділ және тиімді экономикалық саясат жүргізілуі керек. Елімізде әділ бәсеке орнап, бизнес адал жұмыс істесе, әділетті нарықтық экономика құрылады. Ең алдымен, отандық кәсіпкерлердің сенімін арттыру өте маңызды. Экономиканы монополиядан арылту үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия қажетті жұмысты тиімді жүргізіп жатыр. Қазір жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен активтерді қайтаруға баса мән беріліп отыр. Бірақ кейбір мәселелер назардан тыс қалып барады. Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, монополистерді өзіне жанама қатысы бар нарықтың қызметіне араластырмау – өте маңызды жұмыс. Әкімшілік кедергілерді азайтып, нарыққа баға белгілеу арқылы қысым жасауды тоқтату керек

12:11 - Президент: 

Сондай-ақ Бас прокуратураның жанынан арнайы комиссия құрылғанын білесіздер. Комиссия заңсыз жолмен алынған және сыртқа шығарылған активтерді мемлекетке қайтарумен шұғылданады. Мен жақында арнайы Жарлыққа қол қойдым. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстың аясы нақтыланды. Осы шаруамен айналысатын қызметтер ұйымдастыру және кадрлық жағынан күшейтіледі. Жұмыстың тиімділігі артады деп сенемін

12:12 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Келесі мәселе – бюджет саясаты. Үкімет бюджеттің тұрақты болуын қамтамасыз етуі керек. Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет. Бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудара бастаймыз. Сол кезде барша азаматтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалап отыратын болады. «Әрбір азамат – ұлттық байлықтың иесі» деген сөз жай ұран емес. Бұл нағыз халықтық, қоғамдық бақылаудың басталғанын білдіреді. Үкімет те, Ұлттық банк те мұны жете түсінуі керек. Тағы да естеріңізге саламын, алдағы 7 жылда Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға жетуге тиіс. Сондықтан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек. Қазір бұл мәселеде олқылықтар бар. Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өзге елдердің мұндай қорларымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ұлттық қордың жылдық табысы соңғы 10 жылда 1,6 пайыз болды. Сингапурдағы осындай қор 6,4 ал Норвегияның қоры 7,5 пайыз табыс тапқан. Демек, біздегі қорды басқару міндетін атқаратын органның жұмысы айтарлықтай тиімді деп айтуға болмайды. Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, Ұлттық қорды басқару ісін жетілдіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын. Онда мен айтып өткен кемшіліктер түгел ескерілуге тиіс

Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE

12:12 - Мемлекет басшысы: 

Жер қойнауын пайдалану саласында бірқатар түйткілдер бар. Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану ісінің барлық сатысында заң бұзылатынын анықтады. Мемлекеттік жер қойнауын басқару бағдарламасында бұрмаланған немесе ескірген мәліметтер бар. Қоры нақтыланған және игеруге дайын тұрған кен орындарына барлау жұмысын жүргізуге 143 лицензия мен келісім-шарт заңсыз берілген. Елімізде құнды пайдалы қазбасы бар кен орындары аз емес. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар осындай яғни, алтын, мыс, мырыш т.б. 87 кенішті заңсыз алған. Олар байқау өткізу рәсімдерін айналып өтіп, кеніштерді жеке компанияларға сутегін берген. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз берілген кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Сосын бұл жерлер адал жұмыс істейтін инвесторларға ұсынылады. Оларға тиісті міндеттемелер жүктеледі. Соңғы кезде геология саласындағы реформаларды созбалаңға салуға әрекет жасалып жатқанын көріп отырмыз. Баяғы кеңестік жүйеге қайта оралып, жер қойнауын «шағын топтың ғана игілігіне» айналдырғысы келетіндер бар. Қазақстанның жер қойнауы инвесторлар үшін ашық болуы керек. Сондықтан Үкімет бұл салада тәртіп орнатуға тиіс

12:13 - Президент:

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері. Қолда бар шикізат - бұл дамудың негізгі шарты Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі үшін жеткіліксіз. Қазақстандық тауар өндірушілерден отандық шикізаттың қолжетімсіздігі туралы шағымдар түсіп жатыр. Басқа да ірі өндірушілер түрлі сылтаулармен ішкі нарыққа жеткізу туралы келісімшартқа отырудан бас тартады. Негізгі көлемді экспорттау жалғасуда (87% алюминий, 98,8% мыс, 77% қорғасын). Үкімет отандық өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін ірі өндірушілерге ықпал етудің қосымша заңнамалық тетіктерін әзірлеуі керек

12:16 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Ауылдық жерлерді дамыту керек. Мен Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл – менің жаңа президенттік өкілеттігім басталғаннан кейінгі алғашқы Жарлығым. Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға арналады. Тұжырымдаманы әзірлеуге мамандарды, шаруаларды және жергілікті қоғам белсенділерін тарту қажет. Ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек. Әрине, ол нақты іске асырылуға тиіс. Жер – ауылдағы тұрғындардың негізгі табыс көзі. Өкінішке қарай, елді мекендердің төңірегінде жайылым жетіспейді. Шамамен 8,8 миллион гектар жер тапшы. Менің тапсырмаммен 5,2 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – негізінен, жайылымдық жерлер. Енді Үкімет облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жерді бөліп-тарату үшін мониторинг картасын әзірлеуге тиіс. Сол арқылы жайылымдық жерге мұқтаж ауыл халқының жағдайын жасаймыз

12:18 - Мемлекет басшысы: 

Жалпы, «Бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр. Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем бойынша басты мәселеге айналды. Биыл біздің елде астық мол шықты. Бірақ егіннің орташа шығымы әлі де төмен. Бұл салада заманауи технологияны қолдану өте маңызды. Шаруаларды осыған ынталандыру керек. Сондай-ақ тыңайтқыштың қолжетімді болуын қамтамасыз еткен жөн. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу ісін жақсартуға баса назар аудару қажет. Мемлекет жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 миллиард теңгеден астам субсидия бөледі. Соған қарамастан, терең өңдеу өндірісі дамып жатқан жоқ

12:18 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іс жүзінде оның 31-і ғана іске қосылды. Сол сияқты 7 құс фабрикасының орнына 3 фабрика салынды. Балық өндіретін 11 жобаның жетеуі ғана пайдалануға берілді. Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды

12:19 - Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы аясындағы жоспарлар орындалмай жатқанын айтты:

Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 65 жобаны іске қосу жоспары болса, нақты 31 жоба ғана іске қосылды. Ет бағытындағы 7 құс фабрикасын іске қосу жоспарланса, 3-еуі іске қосылды, балық өнімдерін өндіру бойынша 11-інің орнына 7-еуі ғана іске қосылды. Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Үкіметке барлық жобаның толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Келесі жылы біз 1 триллион теңге бөліп, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың жалпыұлттық жобасын бастаймыз. Ол 1 миллионнан астам ауыл тұрғындарын қамтиды

12:21 - Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы несиелендіру және халықтың қарыз жүктемесін азайту туралы айтты.

Нақты экономиканы несиелендіруді кеңейту қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Кәсіпорын қолжетімді қаржыландыруды қажет етеді. Менің тапсырмам бойынша шұғыл шешімдер пакеті әзірленді. Ол осы сектордағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының 50%-ға дейінгі бөлігін жекеменшік басқаруға беру құқығы кеңейтіледі. Бұл бизнесті несиелеуге қажетті «ұзақ ақшаны» жасайды. Агроөнеркәсіп кешенін несиелендіруді ұлғайту мақсатында астық қолхаттары институты толығымен цифрландырылып, қайта іске қосылады. Олар агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының сенімді кепіліне айналады

Сөзінше, бұл экономиканың осы секторын белсендірек несиелендіруге мүмкіндік беретін жер қойнауын пайдалану құқығына да қатысты. Сонымен қатар Үкімет пен қаржылық реттеуші органдардың «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарын 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырғанын мақсатқа сай деп санаймын. Әрине, бұл экономиканың ең басым секторларына ғана әсер етуі керек.

12:22 - Президент: 

1 қаңтардан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» заң күшіне енуі керек. Тоқаевтың айтуынша,  субсидиялар мөлшерлемелерін саралауға бірдей қарауымыз керек. Осымен қатар Ұлттық банктің ноталары бойынша банктердің кірістеріне салық салу да қайта қаралады. Бұл оларға экономикаға тікелей әсер етпейтін жоғары кірісті қаржы құралдарына емес, нақты бизнес-жобаларды несиелендіруге инвестициялауға қажетті ынталандыру береді. Сонымен қатар тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс «дәрежесін азайту» қажет. Өкінішке қарай, бейсаналық тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, оның белгілері біз жылдар бойы көріп жүр. Бүгінде проблемалық несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам енді өз міндеттемелерін төлей алмайды. Олардың көпшілігі шарасыздық шегіне жетіп, ескісін өтеу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» заң күшіне енуі керек. Бұған қоса, кепілсіз онлайн микрокредитті де қатаң реттеу қажет. Кейбір елдерде оған толығымен тыйым салынған. Бұл тәжірибені зерттеу керек. 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан «қорғау» тетігін ойластыру қажет. Жақын арада тиісті Жарлыққа қол қоямын.

12:23 - Мемлекет басшысы: 

Мен жаңа әкімшілік реформа жүргізуді тапсырдым. Басты мақсат – атқарушы билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру. Қолданыстағы заңдар мемлекеттік органдарға толық дербестік беріп отырған жоқ. Мысалы, өз саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдау үшін олардың құзыреті заң жүзінде бекітілуі керек. Тапсырмалар уақтылы орындалмайды. Шешім дер кезінде қабылданбайды. Сол себепті, өзектілігін тез жоғалтады

12:24 - Үкіметке заңнамалық актілерді жүйелі түрде қайта қарауды жүргізу тапсырылды

Бұл мәселені шешу үшін қазірдің өзінде заңнамаға мемлекеттік органдарға салалық құзыреті шегінде қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде басшы қызметкерлерден кәсібилікті, бастамашылдық пен көшбасшылықты талап етеді. Президент Әкімшілігі жүргізген талдау көрсеткендей, Үкімет функцияларының жартысына жуығы уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлеген салалық шешімдерді ресми алқалық бекітуге келіп тіреледі. Бұл ретте Үкімет басқа функцияға ие – ол үйлестіру және басшылық ету керек. Жаңа әкімшілік реформа шеңберінде норма шығару тәжірибесін жаңғырту және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды орталықсыздандыру қажет

Осыған байланысты Үкіметке заңдар деңгейінде мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері мен өкілеттіктерін ғана сақтай отырып, заңнамалық актілерді жүйелі түрде қайта қарауды жүргізу тапсырылды.

12:25 - Мемлекет басшысы:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, салалық саясатты әзірлеу, оларды іске асыру және бақылау Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдар деңгейіне берілуі керек. Орталық пен өңірлер арасында функцияларды қайта бөлу бойынша осындай жұмыстар 2023 жылға дейін жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар орталық және жергілікті деңгейде топ-менеджерлердің операциялық тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттеу тәсілдерін қайта қарау қажет. Дебюрократизация бойынша, әсіресе, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүйелі жұмысты жалғастыру маңызды. Азаматтар ең көп талап ететін процедураларды мүмкіндігінше оңтайландыру және қайта қарау керек

12:26 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Ұлттық жобаларды қадағалайтын жобалық кеңсе іске қосылды. Жобаларды басқару құралдарын мемлекеттік органдардың қызметінде кеңінен қолдануды тапсырған болатынмын. Президент Әкімшілігінде маңызды ұлттық жобаларды (Жайлы мектеп, Ауылдық денсаулық сақтау, негізгі инвестициялық жобалар) қадағалайтын жобалық кеңсе іске қосылды. Әлемде жобаларды басқару саласындағы дағдыларға ие болу қазірдің өзінде мемлекеттік менеджерлер үшін жалпы қабылданған стандартқа айналды

12:27 - Қасым-Жомарт Тоқаев:

Әділетті әрі дамыған мемлекет құру үшін жаңа кадр саясатын жүргізу керек. Алдағы өзгерістер, ең алдымен, адам капиталына қатысты болады. Жаңа кадр саясаты меритократия және кәсібилік қағидаттарына негізделеді. Біз бірінші басшыларды осы қағидаттар бойынша тағайындаймыз. Сонымен бірге олардың орынбасарлары қаншалықты білікті екенін саралау қажет. Өйткені тұтас салалардың және аймақтардың дамуы көбіне орынбасарлардың жұмысына байланысты болады. Вице-министр және әкім орынбасары лауазымдарына нағыз кәсіби мамандар тағайындалуға тиіс. Мұндай қызметке жұртпен тілдесе алатын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар келуі керек. Яғни, шешім қабылдай алатын және жауапкершіліктен қорықпайтын азаматтар қажет. Олардың әділ, еңбекқор және отаншыл болуы аса маңызды

12:28 - Мемлекет басшысы: 

Келесі жылы біз орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасаймыз. Бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Қазақстанға тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет. Министрлер және әкімдер өзіне қолайлы адамдарды ғана қызметке тағайындайтын әдетті доғаруға тиіс. Министрліктердің өзінде «керек адамын» тағайындау үшін заң талаптарын аттап өтетін немесе қалауынша өзгертіп алатын жағдайлар бар. Бұл әрекеттер барлық жерде кездеседі. Жер инспекциясы, құқық қорғау саласы, ревизиялық комиссия және басқа да бақылау органдары жергілікті биліктің ықпалында болмауы керек. Әділ бәсеке болмаса, кәсіби мамандар мемлекеттік қызметке қызықпайды. Дарынды жастар мемлекеттік қызметке келуге құлықсыз. Аймақтарда тек сол өңірдің азаматтары жұмыс істеуі керек деген қасаң түсініктен арылу керек. Адамның білікті болуы оның туған жеріне байланысты емес. Жұмыстың нақты нәтижесімен ғана бағаланады

12:29 - Президент: 

Сонымен бірге квазимемлекеттік секторда тәртіп орнататын кез келді. Корпоративтік басқарудың икемді болуы – ойыңа не келсе, соны істеу деген сөз емес. Азаматтарды қызметке тағайындау барынша ашық және әділ болуға тиіс. Себебі, бұл – ең алдымен, халыққа тиесілі мекемелер. Президент Әкімшілігі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы тағайындауларды үнемі бақылауда ұстап отыруы керек. Жеке адамдардың мүддесін көздейтін кез келген әрекетке тосқауыл қойылуға тиіс. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жеке сектордағы білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет. Елімізді өркендетеміз десек, бәріміз бір ел болып күш жұмылдыруымыз керек

12:30 - Тоқаев Үкіметке әкімдіктердің уәждерін мұқият зерделеуді, штат санын көбейтпеуді тапсырды

Биыл мемлекеттік аппараттың санын қысқарту және өңірлердегі басшылықты оңтайландыру жұмыстары аясында әкім орынбасарларының саны қысқартылды, үш орынбасардан аспайтын лимит белгіленді. Өткен уақыт білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты халық үшін өзекті мәселелердің қатары бойынша жергілікті үйлестіруді және жауапкершілікті азайтудың елеулі тәуекелдерін көрсетті. Әкiмдер әкiмдiк құрылымын функционалдық ету жөнiнде өтiнiштер жасап жатыр. Үкіметке әкімдіктердің уәждерін мұқият зерделеуді, штат санын көбейтпей, келісілген ұсыныс енгізуді тапсырамын

12:33 - Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында да өзгерістер болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді.

Премьер-министр кеңсесін ведомствоаралық үйлестірудегі және салааралық мәселелерді шешудегі рөлін арттыра отырып, Үкіметтің жинақы аппаратына айналдыруды кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Қабылданған шешімдерді сапасыз орындау мәселелері министрлер мен ведомство басшыларының құзыретіне жатады

Тоқаев мемлекеттік органдардың басшылары әлі де кейбір мәселелер бойынша тәуелсіз шешім қабылдаудан қорқатынын қоса кетті.

Мемлекеттік органдар түрлі қисынды дәлелдерге сілтеме жасап, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының мақұлдауын алуға тырысады. Кейде Үкімет мүшелеріне жазбаша тапсырма беру керек, әйтпесе тапсырманы орындамау, жоба жұмысының бұзылуы қаупі бар

Сөзінше, дебюрократизация туралы қаулы аясында Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын өзекті мәселелер бойынша құжаттарды Әкімшілікке беруге тыйым салынды. Алайда бұл тәжірибе әлі жойылған жоқ.

12:37 - Президент: 

Сөзімнің соңында тағы бір маңызды мәселеге тоқталғым келеді. Ашығын айтуымыз керек, Үкімет биыл еліміз тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмады. Қойылған міндеттер толыққанды орындалған жоқ. Ал кейбір бағыттар бойынша мүлде жұмыс жасалған жоқ. Мысалы, әбден ескірген, қажеті жоқ нормативтік актілерді жою керек екені осыған дейін де бірнеше рет айтылды, Үкіметке тиісті тапсырмалар да берілді. Соның кесірінен министрлер және мекеме басшылары өздігінен әрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмайды. Бітпейтін жиналыстарға, құжатты келісу жұмысына өте көп уақыт кетеді. Министрлік және ұлттық компания басшылары нақты шешім қабылдауға келгенде, өздеріне жауапкершілік алудан бастарын алып қашады. Ал тұтас елдің, халықтың тағдыры сол маңызды шешімге байланысты болып жататыны, өкінішке қарай, ескерілмейді. Үкімет пен Президент Әкімшілігі арасындағы өзара іс-қимыл дұрыс жолға қойылмаған

12:38 - Мемлекет басшысы: 

Жұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтуда. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін

12:40 - Қасым-Жомарт Тоқаев: 

Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Меніңше, бұл мәселелер Мемлекет басшысының Премьер-Министрмен және Парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек. Алдымызда тұрған міндеттер – өте күрделі. Бұл міндеттер бүкіл ел азаматтарына қатысты. Сондықтан біз парасатты түрде, бірлігімізді сақтап, бәріміз бірге еңбек етуіміз керек. Келесі жылдың бірінші жартысында елімізде Парламент сайлауы өтеді. Мен ұсынған саяси реформалар бағдарламасына сәйкес заң шығару билігі және жергілікті өкілді органдар сапалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырайды. Үкімет те осы реформа үдерісінен тыс қалмауға тиіс. Бұл жұмыс бір уақытта, бір қарқынмен жүргізілуі керек. Сол себепті, мен барша Үкімет мүшелері осы мәселе жөнінде ойлануы керек деп санаймын. Халқымыздың игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын

 

Өзгелердің жаңалығы