Қазыналы Қарағандыда Үкіметтік емес ұйымдарды салтанатты түрде марапаттауға арналған республикалық іс-шара өткіздік деген жазба қалдырды Дархан Қыдырәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің түкпір-түкпірінде жан аямай жұмыс істеп жүрген қоғамдық бірлестіктерге сыйлықақы беру дәстүрлі жиынын іргелес облыс Қарағандыда ұйымдастыруымыздың себебі үкіметтік емес ұйымдар өзара тәжірибе алмассын деген тілектен туған еді. Арнайы қазылардың іріктеуінен өткен бірлестіктерді облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы, Парламент депутаттары және басқа да қоғам қайраткерлерімен бірге марапаттадық,- дейді Дархан Қыдырәлі.
Сондай-ақ ол Әділетті Қазақстанның негізгі өзегі азаматтық қоғам десек, үкіметтік емес ұйымдардың нәтижелі жобалары елдің дамуына серпін берері сөзсіз екенін айтты.
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі қоғамдық-саяси реформалардың жаңа бағытын жариялады. Оның ішінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да басымдық берілген, - деді ол.
Айтуынша биыл аталған сыйлықақы белсенді қызметі мен әлеуметтік бастамалары үшін 54 үкіметтік емес ұйымға берілді.
Озып шығып, сыйлыққа ие болған әріптестерді құттықтаймын,- деді ол сөз соңында.