Үкіметте мұнай кен орындарын игеру мәселелері талқыланды

17 Наурыз 2023, 10:11
674
Бөлісу:
Үкіметте мұнай кен орындарын  игеру мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында бірқатар «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру мәселелері талқыланды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Президенті Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының қатысуымен инвестицияларды ұлғайту және игерудің соңғы кезеңдеріндегі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды.

Үкіметте мұнай кен орындарын  игеру мәселелері талқыланды

Атап айтқанда, өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және салық салу мәселелері қозғалды. 

Премьер-Министр ЖЖМ ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін осындай кен орындарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Үкіметте мұнай кен орындарын  игеру мәселелері талқыланды

Сонымен қатар отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды. 

Өзгелердің жаңалығы