Үкіметте «KAZAKH INVEST» компаниясының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды

15 Сәуір 2022, 21:45
1388
Бөлісу:
Үкіметте «KAZAKH INVEST» компаниясының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырыста компанияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды, 2021 жылғы қаржылық есеп алдын ала бекітілді, сондай-ақ Есеп саясаты және Қаржы ресурстарын басқару саясаты секілді жаңа редакциядағы бірқатар ішкі құжаттар бекітілді. Ішкі аудит қызметінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2022 жылғы І тоқсандағы есептері назарға алынды.

Үкіметте «KAZAKH INVEST» компаниясының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды

Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың айтуынша, «KAZAKH INVEST» компаниясының қолдауымен 2021 жылы 5 мың жұмыс орнын құра отырып, $3,8 млрд астам сомаға 57 жоба іске асырылды. Өндірістік алаңдарды аралаумен шетелдік инвесторлардың Қазақстан өңірлеріне 190-нан астам сапары ұйымдастырылды, олардың аясында мемлекеттік органдар мен жергілікті бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. 

Үкіметте «KAZAKH INVEST» компаниясының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, $23,7 млрд құрады. 

Үкіметте «KAZAKH INVEST» компаниясының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды

Ел басшылығының тапсырмасы бойынша ҚР аумағында халықаралық компаниялардың өндірістерін жергіліктендіру мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлемнің 30-ға жуық елінен шикізаттық емес салалардың 200-ден астам компаниясына инвестициялық ұсыныстар пакеттері жолданды. Мүдделі компаниялармен белсенді түрде келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ ҚР Премьер-министріне «KAZAKH INVEST» компаниясының шетелдегі өкілдерінің қызметінің нәтижелері туралы баяндалды. Шетелдегі өкілдер жұмысының тиімділік көрсеткіштері жыл сайын Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық ететін кеңесте қаралады. Бұл бағыттағы жұмыс шетелдік өкілдер бар өңірлерде пандемиялық шектеулердің біртіндеп алынуының нәтижесінде жанданып жатқаны атап өтілді.

 

Өзгелердің жаңалығы