Үкіметте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті

27 Сәуір 2022, 18:08
1186
Бөлісу:
Үкіметте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЭЫДҰ-мен тиімді ынтымақтастықты жалғастыру үшін Қазақстанның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысуы туралы келісімнің қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту қажет. 

Бағдарлама инвестициялар тарту, Еуразияда бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іске асырылады. Премьер-министр ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың аталған бағыттарын мақұлдады. 

Бұл ретте Әлихан Смайылов Қазақстан үшін маңызды емес шығындарды алып тастау үшін бірқатар жекелеген тармақты орындаудың орындылығын тағы бір пысықтауды тапсырды.

Бүгін айтылған мәселелердің маңызы зор. ЭЫДҰ ұсынымдарын жүзеге асыру және стандарттарын енгізу – Ұйымға қосылумен қатар, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартудың да негізгі қадамы, — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы