Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу талқыланды

29 Қаңтар 2024, 12:57
582
Бөлісу:
Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу талқыланды
PHOTO
Фото: Үкімет

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ

IPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді. 

Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.

Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу талқыланды

Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.

Өзгелердің жаңалығы