"Үкімет қайда қарап отыр?". Тоғжанов орта білімді азаматтар туралы айтты

25 Тамыз 2022, 15:24
2217
Бөлісу:
"Үкімет қайда қарап отыр?". Тоғжанов орта білімді азаматтар туралы айтты

Бұл туралы  Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың басты міндеттері - «Жаңа Қазақстанды» құру, жаңа экономикалық саясатты іске асыру және халық табысын арттыру. Бұл бірі-бірімен тығыз ұштасып жатқан міндеттер. Оның нәтижелі іске асыруда азаматтардың білім деңгейі мен мәдениеті шешуші рөл атқарады,- деді Тоғжанов.

Ол атағандай, сондықтан білім саласының алдында тұрған басты мақсат - білімді қоғам мәдениетін қалыптастыру.

Отандық жоғарғы мектептің академиялық саясатында білім алушылар бойына білім мен біліктілікке құштарлықты, еңбексүйгіштікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру жетекші орынға ие болуы тиіс. Студенттердің білімін бағалау тек интеллектуалды ғана емес, сонымен қатар тұлғалық, адамгершілік даму деңгейін ескеруі тиіс,- деді ол.

Тоғжанов жоғары білімі жоқ азаматтар туралы айтты.

Көп азамат "ана жерде жұмыс жоқ", "мені апарып анда орналастыр" дейді. Оларды зерттеп қарадық. Оның ішінде 14-нің ғана жоғары білімі бар екен. 58 пайызы орта біліммен жүр. Мамандық жоқ, білім жоқ, болашаққа ешқандай үміт жоқ. Білімі болмағанннан кейін шығып "Үкімет қайда қарап отыр" дейді. "Мені жұмысқа орналастырыңдар" дейді. Онда тұру үшін тым болмағанда колледждің білімі, мамандығы болуы керек қой,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы