Үкімет қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін жаңа аймақтарды анықтады

23 Қаңтар 2023, 11:57
15138
Бөлісу:
Үкімет қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін жаңа аймақтарды анықтады

Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы қаулысымен қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер тізіміне толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, қандастарды қоныстандыру үшін өңірлердің қатарына Абай облысы қосылды.

Бұл тізімде:

Ақмола облысы
Атырау облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы
Қостанай облысы
Павлодар облысы
Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Өңірлерге қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін Абай және Ұлытау облыстары қосылды.

Бұл тізімде:

Шығыс Қазақстан облысы.
Қостанай облысы.
Павлодар облысы.
Солтүстік Қазақстан облысы.
Қарағанды облысы.
Ақмола облысы бар.

Өзгелердің жаңалығы