Үкімет міндетті вакцина алуы тиіс сала өкілдерін атады

29 Маусым 2021, 10:08
5152
Бөлісу:
Үкімет міндетті вакцина алуы тиіс сала өкілдерін атады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысындв Премьер-министр Асқар Мамин міндетті вакциналауды енгізу туралы айтты. 

Резервтік инфекциялық орындардың дайын болуы, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткілікті болуы керек. Бүгінгі күні 3,3 млн-ға жуық адам бірінші компонентті, шамамен 2 млн адам екінші компонентті салдырды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакцина салу қарқынын күшейтуі тиіс. Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қатысты. 

Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу қажеттігі айқын, - деді Асқар Мамин.

Ол өйткені санитариялық-эпидемиологиялық жағдай өзгеріп жатқанын атап өтті. 

Өңірлерде вирус жұқтырған адамдардың саны күн сайын өсіп келеді. Ауруханалардағы орындардың жүктемелігі 27 пайыз, ал жансақтау бөлімінде 24 пайызды құрап отыр. Елордадан басқа «қызыл» аймаққа тағы төрт өңір кірді. «Сары» мен «жасыл» аймақта алты өңірден бар. «Қызыл» аймақтардағы барлық өңірде шектеу шаралары қолданылып, мониторинг топтарының жұмысы күшейтілуі тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет 20-дан астам қызметкері бар мекемелер вакцина салдыруға міндетті екенін хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы