Үкімет Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін белгіледі

25 Наурыз 2021, 14:55
1694
Бөлісу:
Үкімет Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін белгіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде Үкімет Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін белгіледі.

Құжат елдің ұзақмерзімдік және ортамерзімдік кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік жоспарлаудың өзара байланысты тетіктерінің, процестерінің және қатысушыларының кешенін білдіреді.

Жүйе қазіргі жағдайдағы және әлемдік дамудың қазіргі трендтері кезінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету үшін жаңа құжаттарды енгізуді, қолданыстағы жоспарларды қайта қарау мен құруды көздейді.

2050 жылғы Стратегияны неғұрлым қысқа мерзімде (2025 жылға дейін, 2030 жылға дейін және т.б.) іске асыру үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жаңа құжат - Жалпыұлттық басымдықтар енгізілді.

Өз кезегінде, Жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру және ел дамуының ортамерзімдік кезеңдегі стратегиялық бағыттарын айқындау үшін Қазақстанның Стратегиялық даму жоспары Ұлттық даму жоспары болып қайта құрылды.

Өңірлердің рөлі мен жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ Қазақстанның аумақтық-кеңістіктік дамуының жаңа әдістерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қолданыстағы Аумақтық дамудың болжамды схемасы Аумақтық даму жоспары болып өзгертілді.

МЖЖ сондай-ақ тым қолайсыз, қаржыландырылмаған мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшуді көздейді. Ұлттық жобалар 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарына, мақсаттарына, міндеттері мен индикаторларына қол жеткізу үшін маңызды жобаларды іске асыру жөніндегі құжаттарға айналып, басым бюджеттік қаржыландыруға ие болады.

Салалар мәселесі бойынша жүргізілетін саясатты айқындау үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесіне сәйкес Тұжырымдамалар енгізілді.

Осылайша, мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, квазимемлекеттік ұйымдарды дамытудың барлық жоспары іске асыру құжаттары ретінде, жоғары тұрған құжаттардың міндеттерін іске асыру жөніндегі тетіктерді көрсететін болады.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына назар аудару үшін оның барлық құжаттары арасындағы нақты өзара байланысты қамтамасыз етуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы