Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үкімет Медсақтандыру қорына 500 млрд теңгеден астам қарыз

2 Шілде 2025, 15:05
1810
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Үкімет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 504 миллиард теңге көлемінде қарыз. Бұл туралы Қаржы министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалпы 2 298,6 миллиард теңге көлемінде мақсатты жарна қарастырылған.

2025 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің 002 "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мақсатты жарна" бюджеттік бағдарламасы аясында 760,8 миллиард теңге көлемінде кассалық орындалу тіркелді. Бұл ретте жылдық қаржыландыру жоспары 1 278,6 миллиард теңгені құрайды, – делінген ведомство жауабында.

Министрлік сондай-ақ 30 маусымда Қорға қосымша 13 миллиард теңгеден астам қаражат аударылғанын хабарлады.

Көрсетілген бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру Төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес бекітілген тәртіппен кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деп нақтылады Қаржы министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елдегі фармацевтика саласына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Депутат жуырда салада ауқымды тексеріс басталатынын меңзеді.

Өзгелердің жаңалығы