Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бюджеттік кредит бөлді

6 Маусым 2023, 11:45
953
Бөлісу:
Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бюджеттік кредит бөлді
Фото: primeminister.kz

Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді.

Бүгінде еліміз бойынша науқандық жұмыстар аяқталып келеді. Үкімет қаржы бөлу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін толығымен шешті. 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді. 21 млрд теңге қаражат өнімді форвардтық сатып алуға бағытталды. Дихандарға 522 мың тонна астыққа тауарлық кредит берілді, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол дизель отыны нарықтық бағадан 30%-ға төмен бағамен жеткізілгенін алға тартты.

Минералды тыңайтқыштар өндіретін отандық компаниялармен келісімшарттар жасалып, өнімді субсидиялауға жергілікті бюджеттерден 31 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ аталған субсидияларды кешіктірмей беру үшін егіс алқаптарын цифрландыру 1 жылға кейін шегерілді, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы