Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үкімет Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын дамытуға 305 млн теңге бөлді

13 Тамыз 2025, 08:11
530
Бөлісу:
 advantour.com
Фото: advantour.com

Мемлекет басшысының Каспий теңізінің проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін Үкімет резервінен "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" КеАҚ-қа 305 млн теңге бөлінді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Институт балық қорының көлемін бағалау, сақтау әдістерін әзірлеу, ихтиофаунаны зерттеу, итбалықтардың жаппай қырылу себептерін анықтау, теңіздің гидрологиялық үдерістерін зерттеу, деңгейін бақылау, климаттың өзгеруін талдау, судың сапасы мен биологиялық алуантүрлілікті бағалау жұмыстарын жүргізеді.

Бұл қаражат гидробиология, гидрохимия, гидрометеорология және спутниктік мониторинг зертханаларында зерттеулерді тиімді жүргізуге, сондай-ақ институтқа жүктелген өзге де міндеттерді орындауға бағытталады.

Каспий теңізінің Қазақстандағы жағалауы 2320 шақырымға созылып, Каспий маңы елдері арасындағы ең ұзын бөлік болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы