Үкімет елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын әзірледі – Энергетика министрі

14 Ақпан 2022, 13:16
1537
Бөлісу:
Үкімет елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын әзірледі – Энергетика министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады. 

Оның айтуынша, 2030 жылға дейін судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын шамамен 1 500 МВт электр қуатын іске қосу жоспарлануда.

Бұл жоспар Қазақстан Республикасының гидроэнергетикалық саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспары шеңберінде іске асырылады. 

Сонымен бірге, Үкімет еліміздің 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін әзірледі. Энергия теңгерімін әзірлеу барысында секторлар бөлінісінде Қазақстанның энергетика саласының ағымдағы жай-күйіне талдау жүзеге асырылды. Көздер бөлінісінде генерацияны дамыту, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды енгізу перспективаларын ескеретін өндіру-тұтыну теңгерімдерін модельдеуге сәйкес пайдалануға беру талап етілетін электр қуатының қажетті көлемі әзірленді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол электр станциясын тұтыну алдағы уақытта артатынын да тілге тиек етті. 

Энергия теңгеріміне сәйкес электр энергиясын тұтыну 2035 жылға қарай 152,9 млрд. КВт/сағатқа дейін өседі. 2021-2035 кезеңінде электр энергиясын тұтынудың орташа жылдық өсуі 2,7%-ға артады. Экономика мен халықтың қажеттілігін жабу үшін 2035 жылға қарай 17,5 ГВт жаңа генерация қажет болады, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін  2026 жылға дейін оңтүстікте 7 генерациялайтын қондырғы салынатыны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы