2026 жылға дейін оңтүстікте 7 генерациялайтын қондырғы салынады

14 Ақпан 2022, 13:11
1442
Бөлісу:
2026 жылға дейін оңтүстікте 7 генерациялайтын қондырғы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады. 

Оның айтуынша, оңтүстік өңірлер жаңа генерацияны енгізетін жобалар шоғырланған орын болып табылады. 

2026 жылға дейін оңтүстік өңірлерде жиынтық қуаты шамамен 3050 МВт болатын 7 генерациялайтын қондырғы салу жоспарлануда. Олардың бір бөлігі түпкілікті тұтынушылар үшін тарифке жүктемені барынша азайтуға мүмкіндік беретін аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы іске асырылатын болады. Сондай-ақ энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ел экономикасын электр энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен 13 инвестициялық келісім жасасты, - деп атап өтті Болат Ақшолақов. 

Сонымен қатар ол аталған жұмыстың шеңберінде генерациялайтын жабдықты реконструкциялау және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру болжанып отырғанын алға тартты. 

Нәтижелері бойынша, көлемі шамамен 1 600 МВт болатын қосымша электр қуатын іске қосу жоспарда бар. Оның ішінде көмір 950 МВт және газ 650 МВт құрайды. Энергетикалық жабдықтың жұмыс жағдайын қолдау мақсатында оларды одан әрі жасасу жөніндегі жұмыс жалғасуда, - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін өткен жылы елімізде қанша электр энергиясы өндірілгені туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы