Үкімет басшысы ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

14 Желтоқсан 2021, 10:18
1267
Бөлісу:
Үкімет басшысы ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар күн санап азайып келеді. 

Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Күн сайын тіркелетін коронавируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ. Инфекциялық төсек-орындар 23%-ға, реанимациялық төсектер 20%-ға толы. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша көптеген өңірлер (және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» тұр. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол коронавирусқа қарсы вакцинацияның қарқынды жүргізіліп жатқанын алға тартты. 

Бүгінгі таңда 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл ересек тұрғындардың 78%-ы, сондай-ақ 8,3 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 73%-ы екінші компонентін алды, - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты одан әрі сақтауды және вакциналау мен ревакцинация қарқынын күшейтуге қатысты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін  әлемдегі эпидемиологиялық ахуал туралы жазған болатынбыз.

 

Өзгелердің жаңалығы