Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.
Жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту құрылыс материалдарының қол жетімділігін қамтамасыз етеді және жалпы импорт үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы бұл жұмысты белсенді түрде жалғастыру қажет, - деді Мамин.
Үкімет басшысы осыған орай бірқатар тапсырма берді.
Индустрия министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен, «Бәйтерек» холдингімен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және әкімдермен бірлесіп, бір ай ішінде Құрылыс индустриясы жобаларын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлесін. Индустрия министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, нарықта делдалдардың жұмысына жол бермеу және құрылыс материалдарының құнын арзандату үшін 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Маркетплейс» онлайн алаңын пайдалануға енгізсін, - деді Мамин.
Сондай-ақ Мамин Индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, құрылыс материалдары бағасын негізсіз өсіру фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылдап, үнемі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.