Үкімет басшысы министрге бизнестегі артық талаптарды алып тастау туралы тапсырма берді

31 Қаңтар 2023, 10:30
3939
Бөлісу:
Үкімет басшысы министрге бизнестегі артық талаптарды алып тастау туралы тапсырма берді
Фото: Үкімет

Бизнеске қойылатын артық талаптарды алып тастау қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Әлібек Сәкенұлы, бизнестен артық талаптарды алып тастау үшін дайындалып жатқан заң жобасы Үкіметтің аппаратына қашан енгізіледі?, - деп сұрақ қойды Үкімет басшысы Ұлттық экономика министріне.  

Бұл жаңа жоба 66 түзетуді қамтиды. Қазіргі таңда заңға енгізілетін түзетулерді жинап жатырмыз. Осы аптаға дейін  барлық мемлекеттік органдар өз түзетулерін, ұсыныстарын бізге жіберсе біз оны жақын арада жоспарға сай екі аптаның ішінде енгізетін боламыз. Оған дейін ашық веб-сайтқа енгіземіз, - деп жауап берді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Премьердің айтуынша, бұл заңды тездетіп қабылдау қажет.

Осы аптаның аяғына дейін барлық мемлекеттік органдар өздерінің заңнамаға енгізетін ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне беруі қажет. Министрлік келесі аптаның басынан бастап екі апта мерзімде Үкімет аппаратына заң жобасын енгізу қажет. Оны тездетіп қабылдауымыз керек, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы