Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу, оның ішінде жоспардан бірнеше коммуналдық меншік кәсіпорындарын алып тастау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін сату жоспарлары қаралды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.