Үкімет басшысы: елдегі жылдық инфляция 15% жетті

16 Тамыз 2022, 10:34
936
Бөлісу:
Үкімет басшысы: елдегі жылдық инфляция 15% жетті

7 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,3%-ке жетті. Ел экономикасының өсуіне негізінен нақты сектор үлес қосып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Мәселен, өңдеу өнеркәсібі саласында тамақ өнімдерін өндіру шамамен 3%-ке, сусындар өндіру 9%-тен астам өсті.

Жеңіл өнеркәсіпте өсім 5%-тен жоғары болды. Химия өнеркәсібінде 11%-ке жуық, мұнай өңдеуде 4%,  машина жасау өнімдерін шығаруда 8%-ке жуық өсім тіркелді. Металлургия өндірісі 5%-тен астам өсім көрсетті.  Құрылыс саласында 8,6% деңгейінде өсім қалыптасты. 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деді Үкімет басшысы.

Премьердің айтуынша, қызмет көрсету саласы бойынша сауда 6%-ке, көлік 5,5%-ке және байланыс саласы 6,5%-тен астам өсті.

7 айдың қорытындысына сәйкес, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Жауапты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері жұмысты жандандырып, мақсатты макроэкономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етуі керек. Өсу динамикасын сақтап тұру үшін экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестициялық жобаларды іске асыру және жұмыс орындарын құруды күшейтіп, жалғастыру қажет. Сонымен қатар шілде айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 15% жетті, - деді Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы