Үкімет басшысы денсаулық саласында ұлттық жобаны мақұлдауды ұсынды

22 Қараша 2022, 12:09
910
Бөлісу:
Үкімет басшысы денсаулық саласында ұлттық жобаны мақұлдауды ұсынды

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өздеріңіз білетіндей, ауылдық жердегі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін арнайы ұлттық жоба әзірленді. Ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық инфрақұрылымды жаңғырту қажет. Жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісі салынып, қайта жөнделеді.Сондай-ақ 12 аурухана жаңғыртылып, жаңадан 20 аудандық аурухана ашылады, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Айтуынша, басқа да жобалардың аясында, мысалы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша  медициналық объектілер салу көзделіп отыр.

Ауыл халқы үшін барлығы 700-ге жуық медициналық объектілер ашылатын болады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін бөлуді жедел қамтамасыз етіп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін шешуі қажет. Бұдан басқа, жоба аясында ауылдағы медициналық ұйымдарды  денсаулық сақтаудың  бірыңғай ақпараттық жүйесіне интеграциялау көзделді, - деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ жаңа технологиялар жаппай енгізілетін болады. 

Бұл халыққа өздері тұратын өңірлерде сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді. Әрине, ұлттық жобаның аса маңызды аспектілерінің бірі – кадр тапшылығы проблемасын шешу және ауылдық жердегі медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру. Сондықтан өңір әкімдері ауылға келетін медициналық кадрлардың әлеуметтік мәселелерін шешуге назар аударуы тиіс. Жас мамандар ауылға келіп, біліктілігін арттыруға және жұмыс істеп,    сонда тұрақтап қалуға мүдделі болуы керек. Жобада көзделген барлық шаралар ауылдағы медициналық қызметтің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ұлттық жобаны мақұлдауды ұсынамын, - деді Премьер-министр. 

Өзгелердің жаңалығы