Үкімет басшысы дәрігерлер қауымына алғыс айтты

12 Қаңтар 2022, 11:14
3586
Бөлісу:
Үкімет басшысы дәрігерлер қауымына алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен жаңа құрамдағы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов еліміздегі дәрігерлерге алғысын білдірді.

Орайлы сәтті пайдаланып, барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымды айтқым келеді. Ел үшін сын сағатта олар зардап шеккендер мен жараланғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр. Медқызметкерлер, ауруханалар мен жедел жәрдем машиналары лаңкестердің шабуылына да ұшырады. Батылдық танытқандарыңыз үшін, кез келген жағдайда халыққа көмек көрсетуге әзірліктеріңіз үшін алғыс айтамыз! – деді жаңа Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов елдегі эпидахуалды алға тарта отырып, бірқатар тапсырмалар берді.

Елорда, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында коронавирус инфекциясымен науқастанудың күрт өскенін көріп отырмыз, олар «қызыл» аймаққа  өтті. 6 өңір «сары» аймақта. Біздің негізгі міндетіміз – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау.  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша шараларды күшейту қажет, - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ПТР-тестілеу санын ұлғайтуы қажет деп отыр. Жедел мониторинг жүргізіп, медицина қызметкерлері мен ауруханаларда резервтік орындардың даярлығын қамтамасыз етілуі тиіс.

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қадағалау қажет.  Үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильді бригадалардың жұмысын жандандырып, оларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығына жол бермеу шараларын қабылдансын. Халыққа ревакцинация жасау қарқынын барынша арттыруды тапсырамын, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы