Үкімет басшысы да Елорда күні мерекесімен құттықтады

6 Шілде 2021, 18:12
2848
Бөлісу:
Үкімет басшысы да Елорда күні мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын!

Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-қуаты мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін! - делінген Асқар Маминнің құттықтауында.  


Өзгелердің жаңалығы