Үкімет басшысы батыстағы апат туралы: Кінәлілер жауапқа тартылады

4 Шілде 2023, 10:33
4926
Бөлісу:
Үкімет басшысы батыстағы апат туралы: Кінәлілер жауапқа тартылады
Фото: primeminister.kz

Ақтаудағы энергокомбинатта апатты жағдайдан автоматты қорғау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтіріліп жатыр.

Сонымен қатар ол кінәлілер жауапқа тартылады деп отыр.

Қазіргі таңда ең бастысы – барлық кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету. Сонымен қатар мына мәселелерге назар аудару қажет. Біріншіден, Маңғыстау облысының әкімдігі энергетикалық комбинаттың қолданыстағы жабдықтарын іске қосу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдауы керек. Екіншіден, Энергетика министрлігі «KEGOC» компаниясымен бірлесіп, Батыс энергетикалық торабының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі қажет. Үшіншіден, Энергетика министрлігі Ішкі істер министрлігімен, Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірге алып-сату және жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызу фактілеріне тосқауыл қойсын, - деді Үкімет басшысы.

Еске салсақ, бұдан бұрын электр қуатының жоқтығынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз. Президент Атырау мен Маңғыстауда болған жағдайды ұдайы бақылап отыр.

Бүгін таңертең Энергетика министрлігі Атырау МӨЗ-іне электр энергиясын беру қалпына келтірілгенін мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы