Үкімет: 2029 жылға дейін 1 млн-нан астам отбасы жаңа үймен қамтылады

12 Желтоқсан 2022, 12:20
1129
Бөлісу:
Үкімет: 2029 жылға дейін 1 млн-нан астам отбасы жаңа үймен қамтылады

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 млн-нан астам отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Биыл 15 млн шаршы метрден астам, немесе 138 мың тұрғын үй салынуда. Апатты және тозығы жеткен үйлер бойынша қайта жаңарту бағдарламаларын іске асыру кеңейтіледі. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту үшін тиісті заң жобасы әзірленді, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Айтуынша, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша заңнамалық актілерге түзетулер қабылданған. 

Агломерацияларды дамыту туралы заң жобасы қазір Сенаттың қаралуында. Жаңа әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша тиісті Жол картасы әзірленді. Әкімшілік реформа мәселелері жөніндегі заң жобалары Парламент Мәжілісіне наурыз айында енгізілетін болады, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы