Үкімет: 2025 жылға дейін республикалық жолдар толықтай қалыпқа келтіріледі

12 Желтоқсан 2022, 11:51
1053
Бөлісу:
Үкімет: 2025 жылға дейін республикалық жолдар толықтай қалыпқа келтіріледі

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, автожол саласында барлық халықаралық транзиттік дәліздерді толық жаңғырту көзделіп отыр.

2025 жылға дейін республикалық жолдардың 100 пайызын, ал жергілікті жолдардың 95 пайызын нормативті қалыпқа келтіру жоспарланған. Сонымен бірге, 52 автокөлік өткізу пункттерін модернизациялау жүргізілуде. «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінің 2-ші жолдарының құрылысы басталды. «Дарбаза-Мақтаарал», «Бақты-Аягөз» және «Алматы станциясы айналма теміржол желісі» жобалары бойынша тиісті құжаттамалары дайындалуда, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол «Қазақстан теміржолын» көлік-логистикалық компанияға айналдыру басталғанын айтты. 

Керекті Қзыреттілік орталығы құрылды. Оның негізгі міндеті – жаңа логистикалық өнімдерді ұйымдастыру және транзиттік жүк ағындарын Трансқазақстандық маршруттарға бағдарлау. Транскаспий халықаралық маршруттарды дамыту мақсатында Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркияның көлік және инфрақұрылым министрліктерінің арасында тиісті Жол карталары қабылданды. Қазақстан тарапынан «контейнерлік хаб» салуды, сауда флотын 10 пароммен толықтыруды және порттық станцияларды кеңейтуді қоса алғанда, Ақтау және Құрық порттарының қуаттарын көтеру жоспарлануда, - деді Әлихан Смайылов. 

Белгілі болғандай, сингапурлық PSA компаниясымен бірлесіп Цифрлық көлік дәлізін құру жөніндегі жоба іске асырылып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы