Уханьнан елге оралған қазақстандық студент: Ешқандай паника болмады

17 Ақпан 2020, 18:03
1891
Бөлісу:
Уханьнан елге оралған қазақстандық студент: Ешқандай паника болмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустың эпицентрі Ухань қаласынан елге оралған қазақстандық студенттер Гүлбақыт Болатбеккызы және Дәурен Уришанов карантинге жабылған қалада ешқандай ажиотаж, паника болмағанын айтты. 

"Қала тыныш, ешкім далаға шықпайды. Бәрі үйде отырады", - дейді Нұр-Сұлтанға аман-сау оралған қазақстандықтар. Бұл туралы олар ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлім етті. 

Қытай елінен бізді алып келгені үшін Қазақ еліне рахметімді айтқым келеді. Қазір осылай сіздермен бірге аман-сау отырғаныма қуаныштымын. Сіздер әлеуметтік желіде жарияланған видеода Уханьда тамақ жоқ екен, паника дегендердің бәрі өтірік.. Себебі, өзім сол Ухань қаласынан келдім. Супермаркет, дүкендер тәулік бойы ашық. Су, тамақ, медикаменттердің бәрі жеткілікті. Ал, интернетте шығып жатқан видеолардың барлығы бұрыңғы және еш қатысы жоқ ақпарат. Біз инструкциямен гигиенаны қатаң ұстанып жүрдік. Қолымызды жуып. Далаға шықсақ, маскамен жүрдік. Үйге кірісімен бірден қолымызды жуып, дезинфекция жасадық. Өзіме келсем, алғашында түсінбедім, "қалай вирус келді" деп. Университеттен, Үкіметтен арнайы хабарлама келген кезде ғана білдім, - дейді студент Дәурен Уришанов. 

Оның айтуынша, қала тыныш, ешкім далаға шықпайды. Бәрі үйде отырады. Керек заттары болса ғана дүкенге шығып алады екен. Хубэй провинциясының Ухан қаласында доктарантураның 2-ші курсында білім алып жатқан студент Гүлбақыт Болатбеккызы Қытай Жаңа Жылының алдында, 22 қаңтар күні "Ухань қаласын карантинге жабамыз" деген хабарлама келіп түскенін айтты. 

Яғни, біз Ухань қаласында 2-3 жылдан артық тұрып жатқан студенттер біз жақсы білеміз. Қытай Жаңа Жылының алдында азық-түлікті толтырып алып қою қажет екенін жақсы білдік. Себебі, қытайлықтар үнемі солай артығымен сатып алып қояды және де супермаркеттер тек таңғы 9-дан 16:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Яғни, мейрамға байланысты жарты күн ғана жұмыс істейді. Сөйтіп, бізге 22 қаңтар күні "қала жабылды" деп хабарлады. Барлық транспорттық жолдар шектетіліп, жабылды. Әуежай мен вокзалдар жұмыс істемеді. Төтенше жағдай жарияланды, - деп атап өтті ол. 

Ол "Уханьда адамдар бір тілім нанға таласып, төбелесіп жатыр" деген хайп ақпаратты таратқандардың ойы қандай екенін білмеймін. Бірақ, ондай мүлдем болған жоқ. 

Сіздер өз бөлмелеріңізден, жатақханадан, яғни кампустан шықпай отыруларыңыз қажет деді. Бізде азық-түлік, ауыз су бәрі болды. Бізге маскалар таратып берді. Біз олар үшін шетелдік студенттер болдық. Егер біздің тамағымыз, азық-түлік қорымыз таусылса, график бойынша екі студенттен кезектесіп, дүкенге барып алып келіп жүрдік. Сыртқа шыққан бетке маска тағып, көзілдірік, қолымызға қолғап киіп шықтық. Ешқандай дүрбелең, ажиотаж қалада болған жоқ, - деп жауап берді Қытайдан келген студент Гүлбақыт Болатбеккызы.
Бұған дейін, Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар бойынша жетекші маман, профессор Динагүл Баешева Коронавирус жұқтырған жолаушылары бар Diamond Princess круиздік кемесіндегі төрт қазақстандықтың жағдайы туралы айтты. 
Өзгелердің жаңалығы