ҰЭМ және ЭЫДҰ Хатшылығы ШОБ-ты дамытуды қарастырды

31 Наурыз 2023, 20:44
807
Бөлісу:
ҰЭМ және ЭЫДҰ Хатшылығы ШОБ-ты дамытуды қарастырды
Фото: ҰЭМ

ҰЭМ және ЭЫДҰ ШОБ жөніндегі комитеті кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

29-30 наурызда Францияда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Шағын және орта бизнес және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің IV сессиясы өтті. Іс-шараға ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбылов және ҰЭМ Экономикалық зерттеулер институтының Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары Әлібек Раипов қатысты.   

Сессияға қатысушылар ШОБ саясатын жетілдіру, біліктілікті арттыру, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру мәселелерін талқылады.   

Шара барысында ШОБ-ты дамыту және кәсіпкерлік саясаты туралы жаңартылған министрлер декларациясы, сондай-ақ ЭЫДҰ Кеңесінің кәсіпкерлікті Қаржыландыру мәселелері жөніндегі ұсыным комитетінің жаңа құқықтық құралының редакциясы қаралды, - делінген хабарламада.  

 Сонымен қатар, сессия барысында 2023 жылғы 27-28 маусымға жоспарланған министрлік кездесудің күн тәртібі қаралды.

Нәтижесінде, ҰЭМ және ЭЫДҰ Хатшылығы ШОБ-ты дамытудың озық тәжірибелеріне қол жеткізу мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы