ҰЭМ: Азаматтардың аударымдарына салық салынбайды

30 Қараша 2024, 22:47
356
Бөлісу:
ҰЭМ: Азаматтардың аударымдарына салық салынбайды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салу туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салу туралы ақпараттың таралуына байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі мынаны хабарлайды. Яғни банктер өз қызметтері үшін клиенттерден алатын комиссияларға салық салу (ҚҚС) жөнінде айтып отырмыз. Мысалы, картаны шығару үшін немесе аударымдар үшін банк алатын комиссиялар. Жаңа Салық кодексінің жобасында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық операцияларына қолданыстағы жеңілдікті жою жөніндегі норма ұсынылады. Азаматтар жүзеге асыратын аударымдардың өзіне салық салынбайды, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, егер бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылса, тиісінше мұндай жағдайларда салық салынбайды.

Жаңа Салық кодексінің жобасы талқылау сатысында тұрғандығын еске сала кетейік. Ұсынылған нормалар Парламентте, бизнес-қоғамдастықпен және жұртшылықпен талқылануда. Кодекстің соңғы жобасы 2025 жылы қабылданады, - деп нақтылады министрліктен.

Өзгелердің жаңалығы