УЕФА рейтингі бойынша үздік қазақстандық клуб белгілі болды

27 Желтоқсан 2020, 04:50
1472
Бөлісу:
УЕФА рейтингі бойынша үздік қазақстандық клуб белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА ресми сайты Еуропа Чемпиондары кубогі мен Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік командалардың рейтингін жариялады. Бұл туралы Рrosports.kz жазды.

445 матчта 265 жеңіске жеткен «Реал» көш басында тұр. Корольдік клубтан кейін «Бавария» жайғасты. Үштікті «Барселона» түйіндеді.

Одан кейінгі орындарда командалар мына ретпен жайғасқан: «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», «Милан», «Ливерпуль», «Бенфика», «Порту» және «Аякс».

Қазақстан клубтарының арасында «Астана» үздік көрсеткішке ие. Елордалық команда 107-орында тұр. Астаналық командадан кейін «Ақтөбе» (145), «Шахтер»(230), «Астана-64» (300), «Қайрат» (371), «Ертіс» (422) және «Тобыл» (432) жайғасты.


Өзгелердің жаңалығы