ҰБТ тапсыруға 290 мыңнан астам өтініш келіп түсті – Жарасова

7 Шілде 2022, 12:13
1667
Бөлісу:
ҰБТ тапсыруға 290 мыңнан астам өтініш келіп түсті – Жарасова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде айтты. 

5 шілде күні негізгі ұлттық бірыңғай тест аяқталды. ҰБТ биыл да электронды форматта өткізілді. 43 тестілеу орталығында «1 компьютер-2 камера- 1 тестілеуші» қағидасы бойынша абитуриенттер тест тапсырды. Тест тапсыруға екі рет мүмкіндік берілді. Екі мүмкіндікте де талапкерлер бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдады. Жоғары ұпай жинаған түлектер ертең білім грантын алатын конкурсқа қатыса алады. ҰБТ тапсыруға 290 мыңнан астам өтініш келіп түсті, - деді ол. 

Жарасова атағандай, 160 мыңнан астам адам бірінші мүмкіндікті, 130 мыңы екінші мүмкіндікті пайдалануға арналған. 

ҰБТ қорытындысы бойынша 154 мың талапкер екі мүмкіндікті есептегенде 276 мың рет тест тапсырды. Ерекше білімі бар талапкерлердің тестін тапсыру уақыты 40 минутқа ұзарды. Тест тапсырмаларында сызба, диаграмма болған жоқ. Осындай мүмкіндіктің аясында ҰБТ-ға қатысуға саны артып отыр. Биыл 811 бала тест тапсырды. Тест тапсыру тіліне келетін болсақ, түлектердің 76 пайызына жуығы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 24 бала ағылшын тілінде тапсырды, - деді Гүлжан Жарасова. 

Өзгелердің жаңалығы