ҰБТ тапсыру кезінде тәртіп бұзушылыққа жол бергендерге екінші мүмкіндік берілмейді

5 Мамыр 2021, 12:39
1633
Бөлісу:
ҰБТ тапсыру кезінде тәртіп бұзушылыққа жол бергендерге екінші мүмкіндік берілмейді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҰБТ тапсырудың 2-ші әрекеті кезінде тәртіп бұзушылыққа жол берілген жағдайда, Сіз грант беру конкурсына қатысу құқығынан айырыласыз. 

Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасы Жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова онлайн брифинг барысында айтты.

Айта кетсек, 2021 жылғы 6 мамыр мен 30 маусым аралығында қалада ҰБТ тапсыру өтеді. Мамандар тест тапсыру барысында эпидемиологиялық жағдай қатаң сақталатынын айтуда.

Санитайзер, тепловизор, дезинфекциялық ерітінділермен және аяқ киімге арналған кілемшелер, бактерицидті шамдар, ауа рециркуляторлары, пайдаланылған маскаларға арналған урналар, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін кіреберістің алдында және ғимарат ішінде белгілеу бәрі қамтылған. Аудиторияларда кондиционер, қабырға сағаттары, бейнебақылау камералары және бейнетіркегіштер қойылды, - дейді Айтуарова.

Сонымен қатар ол ҰБТ-ға тыйым салынған заттар әкелгендер тестілеуге жіберілмейтінін айтты.

Ақпарат беру функциясымен жабдықталған, яғни кез келген ұялы байланыс құралдары, пейджер, ұялы телефондар, планшет, сондай-ақ радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде wi-fi, bluetooth, dect, 3G, 4G, 5G, ноутбук, плейер, модем, сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқулықтар мен анықтамалықтар, калькуляторлар әкелгендер тестілеуге жіберілмейді,-деді Ақмарал Айтуарова.

Өзгелердің жаңалығы