ҰБТ-ның шекті балы қанша?

5 Сәуір 2021, 14:05
2419
Бөлісу:
ҰБТ-ның шекті балы қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев педагогикалық мамандықтар бойынша ең жоғары шекті балл 75-ке ұлғайтылғанын айтты.

Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75 баллға дейін ұлғайтылды, - деді ол.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін:

- «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 75 балл;

- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл; 

- «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», "Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл;

- Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу ұйымдарына кемінде 50 балл қажет.

Айта кетейік, ҰБТ-ны әдеттегідей 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тапсырады. Қатысушыларға 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 20 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырмадан.

Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.

Өзгелердің жаңалығы