Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміз бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов тілшілерге телефонмен келгендер аудиториядан шығарылатынын айтты.
Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, ҰБТ-ға барлығы 117 242 адам қатысады, оның 96 мыңнан астамы биыл мектеп бітірген түлектер. Мемлекет бакалаврға - 53758 мың грант, магистратураға - 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.
Жалпы бүгін Қазақстан бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатқаны туралы айтқанбыз. Түлектер арасында ҰБТ-ға телефон алып келгендер аз емес екені анықталды.
