ҰБТ-дан 50 ұпай жинау керек: ІІМ жоғары оқу орындарына кім түсе алады?

13 Мамыр 2024, 16:01
477
Бөлісу:
ҰБТ-дан 50 ұпай жинау керек: ІІМ жоғары оқу орындарына кім түсе алады?
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы ІІМ брифингінде министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрліктің жоғары оқу орындарына түсу үшін түлектерге медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, полиграфта тексеруден өту керек. Ұлттық бірыңғай тестілеуде кемінде 50 балл жинау керек. Математика мен оқу сауаттылығынан кемінде 3 балл және басқа пәндер бойынша кемінде 5 балл болуы тиіс, - деді ол.

Шыңғыс Алекешев ІІМ жоғары оқу орындарында оқудың артықшылықтарына да тоқталды.

Курсанттар мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алады. Тегін тамақпен, жатын орнымен қамтамасыз етіледі. Тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Оқу орындарында жаттығу және спорт залдары қарастырылған. Стипендия алады. Оқу мерзімі әскери қызмет өткерумен теңестіріледі. Ең бастысы – түлектер 100% жұмыспен қамтылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы