ҰБТ-2022: Қаңтарда тапсырғандардың ең жоғары балы – 134

3 Ақпан 2022, 12:55
4911
Бөлісу:
ҰБТ-2022: Қаңтарда тапсырғандардың ең жоғары балы – 134

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев қаңтарда басталған ҰБТ-ны қорытындылады.

Қаңтар ҰБТ-сына қатысуға 104 мыңға (103 886) жуық өтініш қабылданды. Оның 95 пайызы 11 және 12-сынып оқушылары, 4 765 тестіленуші ЖОО-ға академиялық кезеңге шартты түрде қабылданған І курс студенттері, - деді ол.

ҰБТ «бір тестіленуші – екі камера – бір компьютер» қағидаты бойынша өтіп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін ҰБТ-ны мемлекеттік тілді тапсырғандар саны 78 пайызы, орыс тілінде 21 пайызы және 43 бала ағылшын тілінде тапсыруға өтінім білдіріп, оның 38-і қатысты. Шектік деңгейден, яғни 50 балл жинай алмағандар саны 10 мыңды құрады, 5 пән бойынша орташа ұпай 65,14, ең жоғары балл 134, - деп түсіндірді Руслан Емелбаев.

Ортылық директорының мәліметінше, 95 талапкер тестілеуге жіберілмеді және нәтижелері жойылды. Оның ішінде тестілеуге кіргізу кезінде әртүрлі тыйым салынған заттарды алып келгені үшін жіберілмей, нәтижелері жойылғандар саны 23, тракторинг жүйесінде тағы 72 тестіленуші анықталып, олардың да нәтижелері жойылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҰБТ талаптарды қатаң сақтай отырып, ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы