ҰБТ-2021: Электрон форматтағы ҰБТ-ның қандай артықшылығы бар?

5 Сәуір 2021, 13:06
2894
Бөлісу:
ҰБТ-2021: Электрон форматтағы ҰБТ-ның қандай артықшылығы бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ҰБТ-ны цифрландырудың ерекшелігі жайында түсіндіріп берді.

Ол ҰБТ-ны өткізу процесін цифрландыру бірқатар ерекшелігі мен артықшылығына тоқталды.

Біріншіден, тест тапсырушылар үшін ыңғайлы. ҰБТ бұрынғыдай 10 күннің ішінде ғана емес, енді 3 ай бойы ҰБТ электрон форматта өтеді. Сондай-ақ ең тиімді тұсы түсушінің өзі қай күні, қай уақытта және қай жерде тапсыратынын өзі таңдайды. Осылай өтінішті толтырып, тесті тапсыра алады, - деді ол.

Тойбаев брифингте тест тапсырушы бұрынғыдай бір ғана мүмкіндікке ғана емес, бірнеше мүмкіндікке ие болатынын айтты. 

Нақтырақ айтқанда, ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндігі болады. Тағы бір артықшылығы – тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден шығады. Егер үміткер нәтижемен келіспеген жағдайда, онда апелляция да сол күні 30 минут ішінде беруге құқы бар, - деп айтты департамент директоры.

Тестілеу «1 тестілеуші-1 компьютер-1 камера» қағидаты негізінде іске асырылады. Демек әрбір тестілеуші жеке компьютерде отырып, ҰБТ-ны тапсырады.

Өзгелердің жаңалығы