ҰБТ-2020. Шымкентте 170-тен астам оқушы тестлеуге жіберілмеді

28 Маусым 2020, 19:57
2403
Бөлісу:
ҰБТ-2020. Шымкентте 170-тен астам оқушы тестлеуге жіберілмеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді. Олар сынақ тәртібін өрескел бұзған. 

Бұдан бөлек, 51 түлектің тест қорытындысы жойылды. Жалпы 222 оқушы тест ережесіне бағынбаған. Олар сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды пайдаланған. Дегенмен оларға әлі де бір мүмкіндік бар. Тамыз айында кешенді тестілеуге қатысып, ақылы оқуға түсуіне болады. Биыл Шымкентте 8 885 шәкірт мектеп бітіріп жатыр. Оның 8 мың 570-і ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген. Айта кетейік, Шым шаһарда тест 1 шілдеге дейін жалғасады. 

Биыл ҰБТ-ға өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар ҰБТ қорытындысын яғни сертификатты міндетті түрде электронды түрде алу мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықты таңдаған үміткерлер үшін шектік бал 70 болып белгіленіп отыр. Биылғы талаптарға сәйкес аудиториядағы барлық бейнебақылау алынып, қайта тексеру жүргізілетін болады. Әсіресе жоғары балл жинаған түлектердікі қайта қаралып, егер ол жерде заң бұзушылықтар тағы да анықталатын болса, жинаған балы да ұтып алған гранты да жоққа шығарылатын болады - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Өзгелердің жаңалығы