Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова еліміздегі уақыттың ауысуы халық денсаулығына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы, қандай да бір аурулардың жаппай артуы, әсіресе кең таралған жүрек қан-тамырлары ауруларына қатысты өтініш келіп түскен жоқ, - Айжан Есмағамбетова.
Сенат кулуарында БАҚ өкілі "уақыттың өзгеруі сізге қалай әсер етті?" деп сұрады.
Ештеңе өзгерген жоқ.Тек 1 сағат көп ұйықтап жүрміз, - деп жауап берді Есмағамбетова.