Уақыт белдеуі, Қазақстан жайлы жағымсыз кейстерге жауап. Депутат не дейді?

31 Қаңтар 2024, 19:41
3314
Бөлісу:
Уақыт белдеуі, Қазақстан жайлы жағымсыз кейстерге жауап. Депутат не дейді?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан үшін бірынғай уақыт белдеуіне көшу не үшін маңызды? Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл елімізде жиі көтеріліп жүрген мәселелерге қатысты сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Астананың территориялық орналасқан жері табиғи уақыттан 1 cағат 20 минуттай айырмашылығы бар екенін айтады. Егер Қазақстан толығымен UTC+5 уақытына көшсе, халық бұрынғы табиғи уақытына оралады.

Сондай-ақ бұрынғы Мемлекет тарихы институтының директоры Қазақстан тарихы қайта жазылып жатқанын айтты. Ол бұған дейін кең далада өмір сүрген тайпалардың шығу тегі бір екенін, алайда кеңестік идеология кейбір деректерді өзгерткенін атап өтті.

Еркін Әбіл Тина Канделаки, Симонян сияқты ресейліктердің неге Қазақстан туралы даулы мәлімдемелер жасайтынын түсіндірді. Ол мұндай кезде міндетті түрде жауап беру керек дейді.

 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы