Уәлиханов пен Айнакөл көшелеріндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

21 Шілде 2023, 10:50
412
Бөлісу:
Уәлиханов пен Айнакөл көшелеріндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Айнакөл мен Уәлиханов көшелерінде жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайты.

М.Төлебаев көшесінен Абылайхан даңғылына дейінгі учаскедегі Айнакөл көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты 21 -22 шілде аралығында көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Сол сияқты 21-23 шілде аралығында Иманов көшесінен Кенесары көшесі аралығындағы Уәлиханов көшесінде жөндеу жұмысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы