Уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін елден шығарылуы керек

26 Шілде 2021, 19:29
3420
Бөлісу:
Уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін елден шығарылуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктердің иелері оларды 30 қыркүйекке дейін шығаруы керек. 

Бұл мерзім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелден, яғни, үшінші мемлекеттерден жеке тұлғалармен жеке қажеттіліктері үшін уақытша әкелінген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қатысты.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Аталған мерзімдер Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №25 шешімінде көрсетілген.

Бұл шешім Одақтың кедендік аумағына болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімді тоқтатады. Осыған дейін одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шет ел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кедендік аумағына баж алымынсыз жеке мүлігінін алып келуге қатысты жеңілдік болған, - делінген хабарламада.

Көлік құралдары осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін әкетілмеген жағдайда кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы