U20 Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі күміс, үш қола түсті

Қазақстан құрамасы екі күміс және үш қола медаль иеленді.

 olympic.kz Бүгiн 2026, 00:33
Бүгiн 2026, 00:33
141
Фото: olympic.kz
 
Таиландтың Паттайя қаласында 20 жасқа дейінгі (U20) спортшылар арасында күрестен Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жарыстар өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасының балуан қыздары құрлық біріншілігінде екі күміс және үш қола медаль иеленді.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жаңыл Бекен финалда өзбекстандық Мухайё Нарзиллоеваға есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

68 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан шешуші белдесуде қытайлық Чэньлин Сунға жол беріп, чемпионатты күміс медальмен аяқтады.

53 келіге дейінгі салмақта Динара Дауылқызы қола медаль үшін өткен кездесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Вэй Тин Чэньді жеңді.

57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола жүлде үшін белдесуде Қытайлық Тайбэй спортшысы Юй Сюань Чэннен басым түсіп, үздік үштіктен көрінді.

Ал 59 келіге дейінгі салмақта Айжан Мұратбай қола медаль үшін өткен кездесуде филиппиндік Мириам Грейс Балисмені жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.

Наверх