ТЖМ: Жетісу облысында қар көшкіні қаупі сақталуда

29 Ақпан 2024, 14:28
298
Бөлісу:
ТЖМ: Жетісу облысында қар көшкіні қаупі сақталуда
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысында Жетісу-Алатау тау жотасына аэровизуалды жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

Мореналық-мұздық кешендердің, мореналық көлдердің, қар көшкіні және көшкін қаупі бар аймақтардың жағдайын бақылау мақсатында, Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері «Қазселденқорғау» ММ мамандарымен бірлесе отырып, бірқатар өзендерде аэровизуалды тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде Қора, Шажа, Көктал, Көксу, Өсек, Тышқан, Қорғас, Ақсу, Бүйен, Басқан, Сарқан және Лепсі өзендері бассейндері бар.

ТЖМ: Жетісу облысында қар көшкіні қаупі сақталуда

Тексеріс барысында, биік таулы аймақтарда өзен арналарының жағаларына өздігінен қар көшкінінің түскені анықталды, бірақ өзен арналарының бітелуі байқалмады. Өзен сулары еркін, кептеліссіз ағып жатыр. Өзен арналарының бойындағы беткейлерде көшкін құбылыстары анықталмады. Мореналық көлдер қысқы режимде. Қар жамылғысы теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте 50 см-ге дейін, 3000 метр және одан да көп биіктікте 100-ден 150 см-ге дейін жетеді. Жалпы, Жетісу облысының таулы аймақтарында жағдай тұрақты, алайда ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы